Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде жаңа жағажай ашылады

2021 жылдың 21 мамыр 2021 23:16

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында алдағы жазда жаңа жағажай ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы суға түсу маусымында семейліктер жаңа жағажайға барып шомыла алатын болады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында шаһар басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жағажайдың орны анықталған.

«Жағажай сол жағалаудағы Мелькомбинат ауданында болады. Қазір құжаттама тиісті органдарда келісуден өтіп жатыр», – деді қала әкімі.

Жағажайдан басқа тұрғындар 2019 жылы қайта құру үшін жабылған орталық саябақта демала алады. Аталмыш саябақтың ашылуы Халықаралық балаларды қорғау күнінде, яғни 1 маусымда жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласында жаңа көпір салынатындығын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай