Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам көз жұмды

2021 жылдың 3 наурыз 2021 10:55

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 наурызда сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен 2 газ балланын алып шықты.

«Жалын шарпыған жалпы аумақ 180 шаршы метрді құрады. Барлау жүргізу барысында бөлмеден 1946 жылғы үй иесі мен оның 1976 жылғы ұлының денесі табылды», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отпен абайсыз әрекет ету, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау немесе электр жабдықтарының апаттық режимде жұмыс істеуі себеп болуы мүмкін.


Жоғары қарай