Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде жол апатынан 1 адам көз жұмып, екеуі жарақат алды

2021 жылдың 30 тамыз 2021 14:07

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, жүргізушілердің бірі жан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тәңірбергенов көшесінен көпірге қарай келе жатқан «LADA 21144» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп «LADA Largus» көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «LADA 21144» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші көліктегі 59 жастағы жүргізуші мен 80 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Жоғары қарай