Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Семейде жылқы басы 15,6 пайызға артты

2021 жылдың 24 желтоқсан 2021 00:42

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде осы жылы жылқы саны 15,6 пайызға артты. Бұл жайлы Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында шаһар әкімі Бақытжан Байахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы биыл 15 600 гектар алаңға ауылшаруашылық дақылдары егілді. Минералды тыңайтқыштарды өндіру, пайдалану және жаңа технологияларды қолдану барлық дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Нақты айтқанда, бидай – 30%, майлы дақылдар – 16%, картоп – 20%, көкөніс – 9% және бақша дақылдары – 4,5% артты», - деді ол.

Ет өнімдері – 6,2%, сүт – 2,9% және жұмыртқа 2,8 есеге өскен. Сондай-ақ ірі қара мал басы – 8,5%, қой және ешкі – 7,4%, жылқы 15,6% артып отыр.

«Сонымен қатар осы жылы ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген кәсіп иелеріне 40 жеңілдетілген несие берілген. Осылайша шаруагерлер 748 ірі қара, 1370 бас ұсақ мал және 513 жылқы сатып алды», - деді Бақытжан Байахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қала әкімі жылумен қамтудағы қордаланған мәселелердің қалай шешіліп жатқанын мәлім еткен болатын.


Жоғары қарай