Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Семейде зират өртенді

2020 жылдың 6 тамыз 2020 14:50

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында зиратта өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 11.45 шамасында өрт сөндірушілерге «Семей-Көкентай» тасжолының 3 шақырымында өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Қызыл жалынды ауыздықтауға 3 автоцистерна мен жеке құрамнан 9 адам аттанды.

«Олар оқиға орнына келіп жеткенше зираттағы өрт 300 шаршы метр аумақтағы шөпке жайылған. Сондай-ақ тілсіз жаудың салдарынан 45 мола бүлінді. Өрт сағат 12.42-де толықтай сөндірілді», - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.





Жоғары қарай