Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Семейдегі Абай музейі тәуелсіздік жылдары қалай дамыды

2021 жылдың 14 желтоқсан 2021 21:27

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Абай музейі тәуелсіздік жылдары талай өзгеріске ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын музейдегі бөлімшелер саны өсіп келеді. Ал экспозициялар жаңа бірегей жәдігерлермен толықтырылуда. Уақыт өте келе музейдің сыртқы келбеті де өзгерді. Бүгінде заманауи ғимарат барлық қажетті заттармен жабдықталған.

«Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде музейіміз қарқынды дамыды. Егемендіктің алғашқы жылдарында ол музей-қорық ретінде қайта құрылды. Мұндағы бөлімшелердің көбі сол уақытта ашылды. Қазірде біз Қазақстандағы ең ірі музейлердің қатарындамыз. Ұлы Абайдың 150 жылдығы, кейіннен 175 жылдығында мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілді. Маңызды іс-шаралар өткізіліп, Абай-Шәкәрім кесенесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді», - деді Абай музейінің директоры Мейрамгүл Қайрамбаева.

Музейдің барлық залдарына үш тілде мәлімет беретін ақпараттық тақталар орнатылған. Экспонат туралы деректерді келушілер QR-кодты сканерлеу арқылы біле алады. Көптің назарына хакімнің көзі тірісінде өз қолымен өлкетану музейіне табыстаған экспонаттары ұсынылған.





Жоғары қарай