Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейдегі мәдени ескерткіштерді сақтауға көңіл бөлінбек

2021 жылдың 23 мамыр 2021 12:50

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында мәдени ескерткіштерді сақтауға көңіл бөлінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда шаһар бойынша ресми түрде мәдени ескерткіш деп танылған 67 нысан бар. Бірақ қорғауды қажет ететін басқа да ғимараттар аз емес. Бұл тарихи жерлердің сақталуын қала басшылығы ерекше назарға алған.

«Семейдің мәдени ескерткіштерінің тізімі жасалған. Бірақ бұл мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілуі тиіс басқа да объектілер бар. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Семейдің еліміздің тарихи астанасы екендігін айтып, мәдени ескерткіштерді сақтау мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін жеткізген болатын. Сондықтан мәдени ескерткіштерді күтіп-ұстауға әркез көңіл бөлінбек», - деді қала басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласында алдағы жазда жаңа жағажай ашылатындығын хабарлаған болатынбыз.








Жоғары қарай