Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенат депутаттарының сайлауы: шетелдік БАҚ байқау шараларына қатысады

2020 жылдың 7 тамыз 2020 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ жанында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 143 өкілі ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын байқау шараларына қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық байқау институты ашылғаннан кейін, Сыртқы істер министрлігі ҚР Парламенті Сенатына сайлауды бақылау үшін бірқатар халықаралық ұйымдарға шақыру хаттар мен тиісті ноталарды жіберді. ҚР ОСК мүшесі атап өткендей, бізге 6 тамыздағы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша құрамында 5 адам бар Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен байқаушылар делегациясының сауалнамалық деректері келді», - деді Е. Ашықбаев ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР СІМ жанында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 143 өкілі сайлау туралы заңнамаға сәйкес, сайлауды халықаралық байқаушылармен тең дәрежеде байқай алатынын атап өтті.

Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес, 6 тамызда сағат 18:00-де халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды.

Еске салсақ, 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі осы жылдың қазан айында аяқталады. Осылайша, 2020 жылдың 12 тамызында еліміздің жоғары заң шығарушы органы жоғары палатасына 17 өңірден бір-бір депутаттан сайлануы қажет.

2020 жылғы 24 шілдедегі жағдай бойынша елімізде Сенат депутаттығына сайлау комиссиялары 58 кандидатты тіркеді. Орташа алғанда бір орынға үш үміткер бар.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: БАҚ, Сайлау, Сенат,
Жоғары қарай