Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сенат депутатының 1 мандатына 5 үміткерден келеді

2020 жылдың 13 шілде 2020 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат депутатының 1 мандатына 5 үміткерден келеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Парламенттің жоғары палатасына орташа есеппен 5 адам бір орынға үміткер болып отыр.

«Биылғы жылы үміткерлердің ең көп саны Алматы облысында – 9, Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы қаласында - 7 адамнан ұсынылды. Ең азы – 4 үміткерден Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында ұсынылып отыр. Ұсыну тәртібіне келер болсақ, кандидаттардың 87 пайызы өзін-өзі ұсынушылар, ал 13 пайызын мәслихаттар ұсынған», - деді Берік Имашев.

Оның дерегінше, кандидаттардың орташа жасы - 50,8. Ең жас үміткер 30 жаста. Ал үміткерлер арасындағы ең жоғары жас - 69.


Жоғары қарай