Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенат Төрағасы Қырғызстан елшісін қабылдады

2021 жылдың 29 маусым 2021 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат Төрағасы кездесуді аша келіп, тату көршілік, тарихи ортақ тамырластық, тіл мен мәдениет ғасырлар бойы қазақ және қырғыз халықтарын бауырластық пен достық қатынастармен байланыстырып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қырғызстан Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып отыр. Мәулен Әшімбаев парламенттік өзара іс-қимыл қазақ-қырғыз қатынастарын нығайту факторларының бірі болып саналатынын атап өтті.

М. Әшімбаев пен Ж. Кулубаев парламентаралық, әлеуметтік-мәдени, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады.

«Осы жылдың күзінде Қырғызстанда сайлау өтетіні және Жогорку Кенештің жаңа құрамы қалыптасатыны белгілі. Парламенттік байланыстардағы ынтымақтастыққа одан әрі қарқын беру маңызды деп санаймын. Екі елдің өзара қарым-қатынасын дамытуға парламенттер ықпал ете алатын бірқатар мәселелер бар. Осыған байланысты парламентаралық қызметті одан әрі арттырудың маңызы зор», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.


Жоғары қарай