Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенатор Кіші Аралдағы су деңгейін көтеруге қатысты ұсыныс айтты

2021 жылдың 18 наурыз 2021 11:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы Арал теңізінің солтүстігіндегі Кіші Арал бассейнінде су деңгейінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлшісі.

Сенатордың айтуынша, Кіші Аралдағы су көлемі қазір 22 млрд текше метрді құрайды. Ол алдыңғы жылдарға қарағанда 5 млрд текше метрге азайған. Кіші Аралға құятын Сырдария өзенінің суын пайдаланудың қазіргі қарқыны сақталар болса, алдағы 5-7 жылда теңіздің солтүстігі құрғаққа айналып, экологиялық апатқа ұшырауы мүмкін.

Осыған орай Мұрат Бақтиярұлы теңізді сақтап қалу үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Соның аясында су дипломатиясын белсенді жүргізу, суды тиімді пайдалану және тиісті заңдарға өзгертулер енгізудің берері мол екенін тілге тиек етті.

«Осыдан 17 жыл бұрын қабылданған еліміздегі су ресурстарын басқару заңы қазіргі талаптарға жауап бере алмайды. Сондықтан суды пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалып, ол тек суға қажеттілікті реттеп қоймай, су нысандарымен байланысты табиғи экожүйелерді сақтап, суды үнемдеуге ынталандыру үшін тұтыну саласындағы тарифтерді қайта қарап, озық технологияларды енгізуге мұрындық болуға тиіс», – деді Мұрат Бақтиярұлы депутаттық сауалында.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Экология, Арал, Сенат,
Жоғары қарай