Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сенатор шекара маңындағы тұрғындарға 2 пайыздық несие мен 1,5 коэффиценттік еңбек өтілін беруді ұсынды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 11:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенат депутаты Ольга Булавкина шекаралық өңірлердегі халықтың баспана алу мүмкіндіктерін жетілдіруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатор Ольга Булавкина ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында шекара маңындағы аумақтарды дамыту проблемаларын көтерді. Депутат қаңтардағы қайғылы оқиғаларды еске ала келіп, бұл мәселені шешудің аса маңызды екенін атады.

Ольга Булавкина шекаралық аумақтарда 1,5 миллионнан астам адам тұратыны және бұл көрсеткіш жыл сайын азайып келе жатқанын жеткізді. Айтуынша, бұған мектептер мен балабақшалардың жабылуы, агроөнеркәсіп кешенінің кенжелеп қалуы, кәсіпкерлік әлеуеттің, инфрақұрылым мен тұрғын үйдің болмауы себеп болып отыр.

Ольга Булавкина Сенат депутаттарымен бірлесе отырып, жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар мен қандастарға шекара маңындағы аумақтардың тартымдылығын күшейту мақсатында оларға тұрғын үй сатып алу мен жалға алуға субсидияны ұлғайтуды, сондай-ақ оларға материалдық көмек мөлшерін отбасы мүшелерінің санына қарай 30-38 АЕК-ке дейін ұлғайтуды ұсынды. Сонымен қатар, қоныс аударушылар үшін жаңа тұрғын үй салуға және қолданыстағы ғимараттарды тұрғын үйге қайта жаңартуға арналған шығыстарды жұмыс берушілердің өтеуі де ұсынылып отыр.

«Біріншіден, тиісті аумақтарда өңірлерді дамыту аясында қызмет атқаратын кәсіпкерлерге арнайы салық жеңілдіктері мен преференцияларды қолдану керек. Ол шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беріп, еркін экономикалық аймақтар үлгісі бойынша стартаптарды іске асыруға серпін қосады. Екінші, 2%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша жеңілдікті несие беруді пайдалану. Үшіншіден, еңбек өтілінің есептелуін 1,5-ке арттыру коэффициентін енгізу, бұл еңбек күші артық өңірлерден еңбекке қабілетті қоныс аударушылардың қосымша ағынын тартуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған барлық шаралар шекара маңындағы аумақтарды дамытуға ынталандырады, еңбек ресурсының аумақтық ұтқырлығын арттыруға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін бюджет қаржысын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді», - деді Ольга Булавкина.


Жоғары қарай