Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып сайланды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 11:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар сенатор Сұлтанбек Мәкежановты өз өтініші негізінде Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі етіп сайлады.

Бұған дейін ол Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болған.

«Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежанов басқа комитетке ауысу туралы өтініш білдірді. Заңнамаға сәйкес, депутаттардың ондай құқығы бар», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Депутаттар аталмыш мәселе туралы қаулыны қолдап дауыс берді.

Бұған дейін жазғанымыздай, Сенат отырысында Қанат Мусин ҚР Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды.



Перевод Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Сайлау, Сенат, Парламент,
Жоғары қарай