Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенаторлар 2020 жылдың бюджеті бойынша Үкіметтің есебін талқылайды

2021 жылдың 14 маусым 2021 12:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаторлар 2020 жылдың бюджеті бойынша Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің есебін талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болып, онда депутаттар Сенаттың 2021 жылғы 17 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібін бекітті. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі туралы мәселе кезекті отырыстың күн тәртібіне енгізілді», - делінген Сенат баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сенаторлар Палатаның алдағы отырысында «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен қарайтын болады.

Құжат фельдъегерлік байланыстың міндеттері мен қағидаттарын заңнамалық тұрғыда бекітуге, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін айқындауға, олардың құқықтық жағдайын реттеуге, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер белгілеуге бағытталған. Заң жобасын қабылдау қызметтің құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін және қызметкерлердің мемлекеттік органдарымен өзара жедел іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Бюро отырысы барысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Бюджет, Сенат, Парламент,
Жоғары қарай