Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенаторлар халықаралық шарттарға өзгерістер енгізетін заң жобасын мақұлдады

2021 жылдың 25 ақпан 2021 11:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатында Қазақстанның халықаралық шарттары туралы заңына өзгерістер мен толықтыру енгізуді көздейтін заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша заң жобасы бейінді заңға бірқатар норманың енгізуді көздейді.

«Біріншіден, халықаралық шарттар мәртебесінің өзгеруі туралы жұртшылықты хабардар ету. Одан бөлек шарттарды тоқтату тәсілін кеңейтіп, заңдағы олқылықтарды жоюды қамтамасыз ету көзделеді», - деді ол.

Сонымен қатар, заң жобасымен контрәріптестер өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда шарттардың орындауын тоқтата тұру түріндегі Қазақстан Республикасы жауап шараларды қолдау мүмкіндігін көздейтін нормаларды енгізуі ұсынылады.

Өз кезегінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта бұл заң еліміздің ұлттық мүдделерін қорғауды күшейтуге өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

«Бүгін қабылданған заң халықаралық деңгейде ұлттық мүдделерімізді қорғауға қосымша мүмкіндіктер береді. Бұдан былай, халықаралық келісімнің екінші тарабы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда Қазақстан тарапынан жауап шараларын қабылдауға жол ашылады. Осы мақсатпен құжатта халықаралық шарттардың немесе олардың жекелеген ережелерінің орындалуын тоқтата тұру туралы нормалар қарастырылған», – деді Мәулен Әшімбаев.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Сенат, Парламент,
Жоғары қарай