Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенаторлар: Мемлекет қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын бақылауды сақтауы керек

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаторлар Асқар Шәкіров пен Сергей Ершов Премьер-Министрі Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында еліміздің халқы мен аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кейбір мемлекеттік нысандарды жекешелендіруге қатысты проблемаларды атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметке жекешелендірудің жаңа жоспарын қабылдауды тапсырғанын атап өтті. Осыған байланысты парламентшілер еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік әлеуетіне ықпал ететін кез келген ұйымдарды жекешелендіруде мемлекеттің үлесін сақтау немесе осындай ұйымдардың «алтын акциясын» сатып алу арқылы жүргізілуі қажеттігі туралы заңнамалық түзетулер енгізуді ұсынды.

«Жекешелендіру мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту және проблемалық компаниялардағы жағдайды жақсарту мақсатын көздейтіні даусыз. Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және мемлекеттің өз азаматтары мен жалпы жүйенің қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін ұйымдарға қатысу тәуекелін мемлекет тарапынан бағалау, бақылау және басқару қажет деп санаймыз», - деп сенаторлар өз ойларын ортаға салды.

Сенат депутаттары осыған байланысты жекешелендірілген кәсіпорындардың портфелін әртараптандыру мүмкіндігін, сондай-ақ осы процесті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттігін Үкімет басшысынан кешенді түрде қарастыруды сұрады.


Жоғары қарай