Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Сенатта мемқызметшілерді «Дипломмен ауылға» жіберетін заң жобасы қаралды

2020 жылдың 20 мамыр 2020 17:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Дипломмен – ауылға!» жобасын мемлекеттік қызметшілерге қолдану, «А» корпусының кадр резервін жасақтаудан бас тарту және мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де өзгерістерді қамтыған заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Палатаның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Құжаттың негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады. Онда бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Қосымша баяндама жасаған сенатор Нұрлан Бекназаров заң жобасы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленгенін атап өтті. Ұсынылып отырған заң жобасы мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы қазақстандық моделі меритократия қағидаттарына негізделгені айтылды.

Заң жобасына енгізілетін өзгерістер:

- «Дипломмен – ауылға!» жобасын мемлекеттік қызметшілерге қолдану;

- «А» корпусының кадр резервін жасақтаудан бас тарту;

- барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурстық рәсімдерді 3 кезеңнен 2 кезеңдік іріктеуге оңтайландыру;

- мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды айқындау;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілігі қаралатын адамдарды басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан шығаруға тыйым салуды енгізу;

- Мемлекет басшысының шешімі бойынша жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеу;

Заң жобасы қабылданғанда мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама одан әрі жетілдірілетін болады.

Құжаттар палатаның қарауына берілді.


Жоғары қарай