Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 18:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Бюро мүшелері Сенаттың 2021 жылғы 30 қыркүйекке жоспарланған кезекті отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар бейсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын

пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарайтын болды.

Заң жобасында мемлекеттік сатып алудың 4 жаңа тәсілін енгізу көзделіп отыр. Бір көзден алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін негіздемелер санын қысқарту – құжаттағы жаңалық болып табылады.

Бюрода сонымен қатар Мәжіліс мақұлдаған заң жобалары Палата комитеттеріне бөлініп берілді.


Басты сөздер: Сенат,
Жоғары қарай