Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап: Британ жазушысы Абайдың өлеңін жатқа оқыды

2020 жылдың 2 тамыз 2020 01:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық жазушы, редактор, жоба менеджері, тарих және білім беру ісінің маманы, тренер, Colourblue компаниясының директоры Крис Макнаб Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған челленджге үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жазушының видеосын Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі Twitter парақшасында жариялады.

«Біз Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қуана қолдап отырмыз. 10 тамыз - ұлы ақынның туған күні қарсаңында күн сайын Абай өлеңдерінен үзінді оқыған британдық және ирландиялық достарымыздың видеосын жариялап отырамыз» деп жазады Қазақстан елшілігі.

Ақын шығармаларын ағылшын тіліне британ ақыны, сыншы, драматург, Томас Элиот сыйлығының лауреаты, профессор Шон О'Брайен аударған. Бұл жыр жолдары жыл соңына дейін тарихта бірінші рет бір томдық кітап болып жарық көреді.

«Мен 2013 жылдан бері Қазақстандағы оқулықтарды жетілдіру ісіне және басқа да қызықты жобаларға белсене атсалысып жүрмін. Қазақстанды және оның халқын ерекше жақсы көремін. Мен қазір Абайдың мақтангершілік туралы өлеңінен үзінді оқып беремін» дейді Крис Макнаб видеоға кіріспесінде.

Ол Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңінен екі шумақты жатқа айтып берді.






Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: #Аbai175, Видео, Еуропа,
Жоғары қарай