Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенбі күні Өскемен мен Шымкентте ауа ластануы мүмкін

2020 жылдың 8 тамыз 2020 06:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК мамандары 8 тамыз күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің екі қаласында - Шымкентте және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Жоғары қарай