Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активіне кім кепілдік ұсынады

2021 жылдың 21 наурыз 2021 19:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру кезінде клиенттің қаражатын сақтандыру қалай іске асатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БЖЗҚ ұсынған мәлімет бойынша, міндетті зейнетақы жарналарына мемлекет тек Ұлттық банктің басқаруындағы сома көлемінде ғана кепілдік береді. ҚазАқпараттың сауалына жолдаған жауабында қор мамандары осындай ақпарат берген.

«Зейнетақы жинағын инвестициялық портфель ретінде басқаруға алған компания зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен ең төменгі кірістілік мәнінің арасында теріс айырма пайда болған жағдайда, осы теріс айырманы Агенттік өз капиталынан өтейді. Төленетін сома БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарына аударылады. Табыстылықтың ең төменгі деңгейі инвестициялық портфельді басқаруға берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған табыстылығы негізінде есептелетін болады. Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа алынған кірістілік көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын Ұлттық банктің ресми интернет ресурсында жарияланады», - делінген БЖЗҚ жауабында.


Жоғары қарай