Серджо Маттарелла Италия президенті болып қайта сайланды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сенбі күні Италияда ел президенті сайланды. Бұл лауазымға 80 жастағы саясаткер Серджо Маттарелла қайта отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
С.Матарелла нәтижесіз жеті рет дауыс беру өткеннен кейін, депутаттар, сенаторлар және аймақтық өкілдердің дауыс беруінің сегізінші турында Италия президенті болып қайта сайланды. Бұрынғы министр және экс-судья 983 дауыстың 759-ын жинаған. Италияның саяси тарихында С.Матарелла дауыс саны бойынша 1978 жылы 832 дауыс жинаған Андро Пертиниден кейінгі екінші президент болды.
«Қазіргі жағдай бізге пандемия мен әлеуметтік-экономикалық сілкіністің қиын кезеңінде жауапкершілік алуды қажет етеді. Біз өз міндеттерімізден бас тартпауымыз керек. Ал азаматтарымыздың үміті, соның ішінде жеке сипаттағы ойлардан да басым болуы керек», - деді дауыс беруден кейін С.Маттарелла.