Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сергей Шойгу қазақстандықтарға қатысты мұрағат материалдарды тапсырды

2020 жылдың 16 қазан 2020 18:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу елімізге сапары барысында бірегей мұрағаттық материалдарды табыс етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми сапар шеңберінде Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаевқа 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан қазақстандықтарға қатысты мұрағат материалдарын тапсырды.

Бірінші топтама – «Бір Жеңістің сарбаздары. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы Қазақстан».

«Біздің мұрағаттардан барлық полктер мен бөлімшелердің тізімдері, олардың қалай және қайда соғысқаны туралы материалдар алынды. Мұнда Бас штаб басшылары мен сол кездегі Жоғарғы Бас қолбасшының және Ставка жетекшісінің шынайы құжаттары мен шешімдері берілген», – деді Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі.




Сондай-ақ, Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы 1941-1942 жылдардағы газеттің бастапқы шығарылымын жеткізді. Онда Мәскеу түбіндегі шайқастарда панфиловшылар туралы алғашқы мәліметтер жарияланған.

Кеңес Одағының батыры, армия генералы, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов туралы материалдар аса бағалы құндылыққа айналды. Ресей министрінің айтуынша, мұрағаттарда барлық қолда бар материалдар жинақталған. Оның ішінде қазақстандық тарап үшін жаңалық болатын деректер де бар.

Сергей Шойгу 2020 жыл Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы екенін атап өтті. Маусым айында Қазақстан әскерінің бөлімшесі Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруіне қатысты. Ол сондай-ақ Қорғаныс министріне, Қазақстан мұрағаттар қызметкерлеріне «Еске алу жолы» бірегей мұражайын құруға қосқан үлесі үшін зор алғыс айтты.


Жоғары қарай