Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді

2021 жылдың 14 маусым 2021 14:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету мүмкіндігіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе қарыстырылып отырған жоқ. Бұл ретте объективті тұстары бар. 1998 жылдан бастап жаңа жинақ жүйесіне көштік, яғни осы тұрғыда халықаралық тәжірибені зерттедік. Адамдар жинақ жүйесіне қатысуына қарай жоғары сомадағы зейнетақыны алады», - деп тоқталды С. Шәпкенов.

Осы орайда ол зейнетке шығу жасын төмендетуді ведомство неліктен қарастырмай отырғанын түсіндірді.

«Зенетке шығу жасын төмендету мәселесіне тоқталсақ, адамдар тиісті жинақты қалыптастыра алмауы мүмкін және зейнетақы өте аз болады. Сондықтан бұл мәселе қарастырылмады. Бізде зейнетақы аннуитеті де ескерілген. Ер адамдар зейнетақы жинағының шекті деңгейін 55 жасқа дейін жинақтаса, өздері үшін зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Серік Шәпкенов жұмыссыздық деңгейіне қатысты түсінік берді.


Жоғары қарай