Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Серік Жұманғарин баспана бағасы қашан тұрақтайтынын айтты

2021 жылдың 21 сәуір 2021 20:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл маусым айында баспана құнына қатысты баға тұрақтайды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үй нарығындағы баспана бағасының өсуі мәселесіне тоқталған агенттік басшысы, осы орайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі мамандармен саладағы жағдай талқыланғанын жеткізді. Бұл ретте аталған министрлік тарапынан тиісті ережелерге өзгерістер енгзіліп жатыр.

Сонымен қатар ол биыл маусым айында баспана бағасының өсуі тоқтауы мүмкін екенін айтты.

«Біздің жұмыстарға тоқталсақ, нарыққа 11 хаттама жібердік. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында баға төмендеді. Баға көтерілмеуі үшін тиісті қадамдарды жасадық. Біздіңше, маусым айында баға өсуді тұрақтандырамыз, бірақ баспана құны төмендемейді. Оны түсіну керек», - деді С. Жұманғарин «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ тілшілерімен кездесу барысында.





Еске сала кетейік, биыл сәуір айының орта кезінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жаңа бағдарлама енгізілгеннен кейін тұрғын үй бағасы көтеріле бастағанын айтты.

«Бастапқы нарықтағы тұрғын үй құны қаңтарда 3 пайызға, қайталама нарықтағы тұрғын үй 17 пайызға қымбаттады. Наурызда бағаның өсуі тоқтады. Біріншісі 0,5 пайызға, ал екіншісі екі пайызға қымбаттады. Сәуір мен мамыр айларында өсім тоқтайды, ал маусым мен шілдеде бағалар тұрақтанады деп ойлаймыз», - деді Қ. Өскенбаев.


Жоғары қарай