Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Серік Жұманғарин құрылыс материалдарының құны не себепті өскенін түсіндірді

2021 жылдың 7 қыркүйек 2021 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин құрылыс материалдарының құны не себепті өскенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары бағасының өсуі 25 пайызды құрады. Құрылыс материалдары бағасының негізгі өсуі сыртқы нарықтардағы баға жағдайымен негізделген. Бұл өзгерістер арматура (өсім 45%), кабель (20%), профлист (70%), шыны (35%) және басқа да материалдар құнына әсер етті», - деді С. Жұманғарин.

Оның айтуынша, бағаның өсуінің негізінде электр энергиясына тарифтердің орташа - 12%-ға, жанар-жағармай - 15%-ға, энергетикалық көмірге -10%-ға, теміржол тасымалдарына - 18%-ға өсуі сияқты объективті факторлар бар. Олар отандық өндірістің құрылыс материалдары бағасының өсуіне тікелей әсер етті. Құрылыс материалдарының өзіндік құнындағы осы шығындардың үлесі 15-тен 30% - ға дейін құрайды.

«Бағаны көтерудің негізділігін қарау және сөз байласу белгілерін белгілеу мақсатында құрылыс материалдарының 25 түрі (кірпіш, бетон, арматура, цемент және т.б.) бойынша құрылыс материалдары нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіліп жатыр. Талаптарды бұзу белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 75 хабарлама жолданды. Бүгінгі таңда 42 компания хабарламаны орындады. Оның ішінде 35 компания бағаны төмендетті: арматураға – 25%, цементке – 10%, бетонға – 10%, полиэтиленді құбырларға – 6%, кабельге – 5-тен 14% - ға дейін, кірпішке - 3%. Сонымен қатар бұл бағытта 10 тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді агенттік басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, монополияға қарсы бақылау шараларының нәтижесінде республика бойынша баға өсуінің ай сайынғы тренді маусым айындағы 4,2 пайыздан шілде айында 1,7 пайызға дейін төмендетілді.


Жоғары қарай