Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Серпін» бағдарламасының міндеттеме талаптары өзгеруі мүмкін

2021 жылдың 4 қазан 2021 19:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Серпін» бағдарламасының міндеттеме талаптары өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында елдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін оқу орны бойынша өңірде кемінде үш жыл міндетті жұмыспен өтеу мерзімін алып тастау көзделген. Қазіргі уақытта «Серпін» жобасының түлектерін оқу аймағына қарамастан, жұмыс күші жетіспейтін аймақтарда даярлау бөлігінде «Білім туралы» Заңның 47-бабының 17-тармағына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ол «Серпін» жобасының түлектеріне жұмыс күші жетіспейтін барлық аймақтарда жұмысты өтеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екен айтады.

«Серпін» жобасының түлектеріне жұмыс күші жетіспейтін барлық аймақтарда жұмысты өтеуге мүмкіндік беру, ауылды жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын «Серпін» жобасының түлектері үшін жұмыс мерзімін 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарту қаратырылған. Бұл бағыттар бойынша жұмыс жалғасып жатыр», - деп жазды ол депуттарған берген жауабында.


Жоғары қарай