Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сеулде коронавирус жұқтырушылар саны рекордтық деңгейге жетті

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 17:20

СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат - Сәрсенбіде Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 2 мыңнан асты, ал ел астанасында мереке қарсаңында инфекция жұқтырушылар саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяның Ауруды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) мәліметінше, елде COVID-19 жұқтырудың 2080 жағдайы тіркелген, ауруға шалдыққандардың жалпы саны 277989-ға артқан.

Елде COVID-19-дан тағы 13 адам қайтыс болды, өлім жағдайларының саны да 2380-ге жетті.

Ресми тұлғалардың айтуынша, сәрсенбі күні кешкі сағат 18.00 -ге дейінгі жағдай бойынша ел аумағында 1625 жаңа коронавирус жағдайы тіркелген, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 71 адамға көп.








Жоғары қарай