Сейсенбіде ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 25 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан территориясының басым бөлігі жоғары қысым аумағында болады, соған байланысты көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысы мен солтүстік батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста - көктайғақ, солтүстік пен солтүстік батыста - жаяу бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде жел екпіні - 15-20 м/с.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны 15-20 м/с болады.
Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.