Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шағын және орта бизнес: Алматыда 84 млрд теңгенің мыңнан астам жобасы мақұлданды

2021 жылдың 26 мамыр 2021 20:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шағын және орта бизнестің құны 84 млрд теңге болатын мыңнан астам жобасы мақұлданды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев келтірген деректерге сүйенсек, 2020 жылы бағдарламаларды іске асыруға қарастырылған сома 3 есе артып, 31,8 млрд теңгені құрады.

Жалпы құны 317 млрд теңгені болатын екі мыңнан астам жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.

2020 жылы дағдарысқа қарсы шараларды сәтті жүзеге асыру нәтижесінде субсидиялау тетіктері арқылы қолдауға ие болған бизнес субъектілерінің саны 2019 жылмен салыстырғанда 189% және кепілдік 400% өсті.

«Биыл біз осы тенденцияны сақтай алдық. Мәселен, Алматы кәсіпкерлерінің жобаларын несиелендіру мен субсидиялауға 35,8 млрд теңге бөлінді немесе былтырғы көрсеткіштен 13%-ға артық. Жыл басынан бері 84 млрд теңгенің бір мыңнан астам жобасы мақұлданды», - деді әкім.

Кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағдарламасы «Бизнестің жол картасы – 2025».

Оның аясында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме және несиелердің, гранттардың ішінара кепілдемелері субсидияланады.

2020 жылы бағдарламаны іске асыруға 7,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 700 млн теңге – тегін мемлекеттік гранттар.

Нәтижесінде шағын кәсіпкерліктің 266 жобасы 2-ден 5 млн теңгеге дейінгі бизнесті ашуға және дамытуға грант ала алды.

Оның 500 млн теңгесі халықтың әлеуметтік осал топтарының жобаларын қолдауға бөлінді.

«Бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 120,9 млрд теңге сомасында 66 мың жоба қаржыландырылды және мақұлданды (оның ішінде 2021 ж. - 15,8 млрд теңгенің 8 жобасы) 1,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.«Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауғаи 1,5 млрд теңге қарастырылған. Жеңілдетілген несие беретін мемлекеттік бағдарламалардан басқа Almaty Business аймақтық бағдарламасы іске асуда. Жыл басынан бері 25 жобаға 1,5 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді»,-дейді Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан бөлек, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында Алматы қаласының әкімдігі жиһаз,жеңіл, тамақ, химия, фармацевтика, қағаз-целлюлоза өндірістерінің, құрылыс материалдарының, машина жасау салаларының бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері мен олардың ведомстволық бағынышты ұйымдарына мемлекеттік сатып алуда жергілікті сипатты қамтуларына қатысты ай сайын мониторинг жүргізіледі.


Жоғары қарай