Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шағын және орта бизнесті тексеру неліктен қайта енгізіледі

2021 жылдың 8 қыркүйек 2021 13:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев шағын және орта бизнесті тексеру неліктен қайта қолға алынатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаппай тексеру жүргізгелі отырған жоқпыз. Мұны барынша қашықтан, сараптамалық деректерді пайдалану арқылы жүргізуге тырысамыз. Айталық, электронды шот-фактура жүйеміз нақты жеке кәсіпкерлікке қанша тауар жөнелтілгенін қадағалауға мүмкіндік береді. Егер, онда ай сайын, күн сайын үлкен сомаға тауар жөнелтілсе, онда біз мұны электронды шот-фактурадан көріп отырамыз. Бұған қоса, ол ешқандай кірісін көрсетпесе, онда жүйеміз тәуекелді, яғни, аталған жеке кәсіпкерліктің залық заңнамасын бұзуы мүмкін екендігін көрсетеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, қалай болғанда да жеке кәсіпкерлікке мұндай жайттың орын алу себебін түсіндіруге мүмкіндік беріледі.

«Мынадай бір мысал келтіре кетейін. Халық тұтынатын тауарларды, айталық киім-кешек сатып алатындай көрінетін, бірақ азық-түлік сататын компаниялар бар. Ұзақ уақыт бойы, тоқсаннан тоқсанға, жылдан жылға осылай жалғаса береді. Бұл дебеттік сальда алу сызбасы байқалады. Бірақ, біз барып, көре алмаймыз. Олар халық тұтынатын қандай тауар қалғанын айтады. Яғни, алдағы уақытта анық бұзушылық байқалатын болса, онда оны өз бетінше жоюға мүмкіндік береміз. Содан кейін ғана тексеруге бастамашылық жасаймыз», - деді Жайдар Іңкәрбаев.

Айта кетейік, таяуда өткен Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастауды ұсынған еді.



Жоғары қарай