Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шала туған балалар күніне орай қарағандылықтар онлайн-марафон бастады

2020 жылдың 17 қараша 2020 20:07

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін бүкіл әлем бойынша Халықаралық шала туған балалар күні аталып өтуде. Жыл сайын планетада 15 миллионға жуық нәресте өте төмен салмақпен дүниеге келеді. Бұл – әрбір 10-шы нәресте. Шала туған балалар мен олардың ата-аналарын қолдау мақсатында «28 ілмек» клубының мүшесі, қарағандылық Ардақ Омарова «Күлгін жүректер» онлайн-марафонын бастады.

«28 ілмек» халықаралық еріктілер қозғалысы осыдан сегіз жыл бұрын Алматыда пайда болды. Оның негізін қалаушы – журналист Карлан Нұр. Бүгінгі таңда мұндай клубтар әлемнің 11 елінде бар. 2015 жылы «28 ілмек» Қарағандыда да ұйымдастырылды.

Еріктілер – қарапайым адамдар: мемлекеттік қызметшілер, банк қызметкерлері, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және тағы басқалары. Олар таза мақтадан және жүннен заттар мен ойыншықтар: шұлық, бас киім, кеудеше, пледтер және тағы басқасын тоқиды. Содан кейін барлық киім-кешек жансақтау бөлімшелерінде жатқан шала туған нәрестелерге тегін беріледі.

Жүннен жасалған заттар шала туған сәбилерді жылытып қана қоймай, сонымен қатар олар емдік қасиеттерге ие. Яғни, жүйке талшықтарына әсер ете отырып, балаға өмір сүретіндігін сездіреді.







Қарағандылық еріктілер қарапайым заттарды тоқып қана қоймай, жаңа туған нәрестелердің фотосессияларына арналған ерекше жиынтықтар жасайды. Иірілген жіптерді сататын жергілікті дүкендерде «мейірім себеттері» бар. Кез келген адам оларға тоқылған бұйымдарды немесе иірілген жіптерді қалдыра алады. Клуб жұмыс істеген бес жыл ішінде Қарағандыда облыстың перзентханасына 6 458 жүн бұйымы тапсырылды.

«Күлгін жүректер» марафонының ұйымдастырушысы Ардақ Омарова шала туған балаларға арналған қызықты ойыншықтарды тоқып береді. Науқанға қатысу үшін ол кез келген ниет білдірушіге күлгін реңкте жүректер тоқып, оларға түрлі-түсті спиральдар жалғауды ұсынды. Бұл шала туылған нәрестелер үшін ерекше ойыншық. Спиральдар бекерден таңдалмаған, олар кіндікке ұқсайды.





Мұндай марафондар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Байқауға, әдеттегідей, бүкіл әлемдегі еріктілер қосылды. Демеушілер - иірілген жіп сататын компаниялар. Бұл жолы марафонға қатысушыларға сыйлықтар көп болады. 25 дүкен, соның ішінде танымал ресейлік «Пехорка» компаниясы меценаттар болуға шешім қабылдаған. Ең қуантарлығы, марафон жеңімпаздары бүкіл әлемдегі асығымпаздар үшін одан да көп заттар мен ойыншықтар тоқитын болады.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда жыл сайын 450 мыңға дейін сәби дүниеге келеді. Оның ішінде сәбилердің 4-тен 12%-ға дейіні - мерзімінен бұрын туылған балалар. Олардың салмағы мың грамнан аспайды.






Жоғары қарай