Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шамалғанда 38 жастағы тұрғын әйелінің сіңлісіне пышақ сұғып алған

2021 жылдың 20 қазан 2021 17:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 38 жастағы тұрғын әйелінің сіңлісіне пышақ жарақатын салды. Жәбірленуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданының Шамалған ауылында түнгі сағат екі шамасында болған.

«17 тамыз күні түнгі сағат 02:15 шамасында 38 жастағы тұрғын отбасылық жанжал кезінде әйелінің сіңлісіне пышақ жарақатын салған. 19 жастағы жәбірленуші ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсті. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағы яғни, денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталған күні қамауға алынды. Бірақ 18 қыркүйек күні тергеу сотының шешімімен қамау үйқамаққа өзгертілді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір тергеу жүріп жатыр.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Заң, Оқиға,
Жоғары қарай