Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шаңды дауыл, қатты ыстық: 11 өңірде ескерту жарияланды

2021 жылдың 23 мамыр 2021 23:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 24 мамыр күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай болжанады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 23 м/с дейін артады.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында 39 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с құрайды.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 35 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38-42 градус қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Күндіз 38 градусқа дейінгі қатты ыстық болжанады.

Күндіз 24-25 мамырда Қостанай облысында 38 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады.

Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз 24-25 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай