Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шаңды дауыл, жел, жауын – сәрсенбіге арналған ауа райы

2020 жылдың 3 маусым 2020 02:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика бойынша атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейеді, батыста шаңды дауылмен, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау облысында шаңды дауыл болады

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Павлодар облыстарында, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Түркістан облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай