Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шаңды дауылда далаға қонған ұшақта жүрек талмасы бар әйел болған

2021 жылдың 28 шілде 2021 12:12

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы шаңды дауыл кезінде далаға қонуға мәжбүр болған ұшақта жүрек талмасы диагнозымен Ақтауға әкеле жатқан әйел болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаевтың мәліметінше, әуе кемесі Бейнеуден Ақтауға бет алған. Оны медициналық көмек көрсету үшін Ақтауға жеткізу керек болды.

«Бейнеу ауданының 1972 жылы туған тұрғынына жедел миокард инфарктісі диагнозы қойылған. Борт науқаспен Ақтау халықаралық әуежайына ұшып келді. Бірақ ауа - райының қолайсыздығына байланысты оларға қонуға рұқсат берілмеді», - деді Айларбек Шыршықбаев.

Станция басшысының айтуынша, ұшқыш әуежай маңындағы далаға қонбақ болған. Осылайша ол әйелдің өмірін сақтап қалғанын атап өтті. Науқас Маңғыстау облыстық ауруханасына автокөлікпен жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

26 шілдеде куәгерлер Маңғыстау облысындағы шаңды дауылдың салдарынан ұшақтың қонғаны туралы видео жариялады.


Автор Қаракөз Марат
Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай