Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шаңырақ «5-10-20» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

2020 жылдың 28 қазан 2020 11:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 28 қазаннан бастап Қазақстанда Шаңырақ «5-10-20» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бағдарлама жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған.

Аталмыш жобаға 1986-2017 жылдан бері кезекте тұрғандардан басқа 2018-2019-2020 жылдары өтініш бергендер де қатыса алады.

«Шаңырақ» пилоттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандықтарға тиімді несиемен баспанаға қол жеткізу мақсатында жасалды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, әр үміткердің соңғы 6 айдағы отбасылық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3-1 есе артық болуы тиіс.

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл көрсеткіш 32 668 теңге болды.

Яғни, отбасының бір мүшесіне келген табыс 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

Барлығы 54 198 өтініш қаралды. Олардың ішінде 34 453 адам 1986-2017 жылдары кезекке тұрған.

Қазір құны 32,4 млрд теңге болатын 2 386 өтінім мақұлданды.

Шаңырақ бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымынан 210 млрд теңге аударылды.

Оның бірінші бөлігі, 90 млрд теңге «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ аударылды.

Осы қаражатқа 7-8 мың қазақстандық отбасыға қолжетімді баспана беріледі.

Жылдық 5% мөлшерлемемен несие алу үшін үміткер әкімдікте кезекте тұруы керек. Сонымен қатар, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ шотында үй бағасының 10 пайыз жинағы болуы шарт.

Несие 20 жылға дейін беріледі.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Ипотека, Тұрғын үй,
Жоғары қарай