Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Шардарада бокстан облыс чемпионатының ашылу салтанаты өтті

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 21:17

ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардарада бокстан өңір чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Аудандық спорт кешенінде өткен жарысқа 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Шардара ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Ғалымжан Амантай шағалалы өңірінде бокс спортының қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі. Ал, бокстан Түркістан облысының жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Олжас Сыздықов жас боксшылар жарысының үлкен дәрежеде ұйымдастырылғанын атап өтті. Салтанатты шарада өңірдің бокс спортын дамытудағы сіңіріп жатқан еңбектері үшін Шардара ауданы әкімінің алғыс хатымен және естелік сыйлығымен аға жаттықтырушы Олжас Маратұлы мен жарыстың бас төрешісі Ержан Оспанов марапатталды. Мұнан соң жас бокшылар шаршы алаңға шығып, өзара мықтыларын анықтады.

Айта кетейік, бүгінле аймақта жекпе-жекте жеңіске жетіп келе жатқан талантты спортшылар көп. Әрі өңірде боксты олимпиадалық бағытта дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытта облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев мамандармен бірлесе отырып, боксты заман талабына сай дамытуды қолға алуда. Тәжірибелі бапкерлер мен талантты жастарға әрдайым қолдау көрсетуде.
Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Спорт, Түркістан облысы,
Жоғары қарай