Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шардарада негізгі капиталға 12 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

2020 жылдың 5 қараша 2020 22:33

ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Шардара ауданында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 12 млрд 52,4 млн теңгені құраған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің айтуынша, өндіріс кәсіпорындарында 6 млрд 573,7 млн теңгенің өнімі өндірілген. Нәтижесінде өнеркәсіп өнімі көрсеткіші бойынша Шардара ауданы облыста 5-орынды иемденіп отыр.

«Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда 1,5 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба қолға алынған. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер Т.Жалғасбаевтың балық өңдеу зауытының балықтың майы мен жемін шығару цехтарының құрылысы; «Turan IT» ЖШС-нің блокчейн, дата центр жобасы; Алатау батыр ауылындағы жеке кәсіпкер Б.Сариевтің жем шығару жобасы; Достық ауылындағы «BS Agro Product» ЖШС қауынқақ дайындау жобасы. Алғашқы үш жоба биыл жыл соңында іске қосылса, соңғысы келесі жылдың еншісінде», - деді Қайрат Жолдыбайұлы.





Бұдан өзге, ағымдағы жылдың 9 айында аудандағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 25 млрд 969,3 млн теңгені құраған. Ал, ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 1 млрд 944,6 млн теңгеге жеткен.

«Қазірге дейін 7 500 га астам жерден 17 362 тонна мақта терілді. Жиын-терім жұмыстары жалғасуда. Шаруаларды қолдау мақсатында күзгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3 120 тонна жанар-жағармай бөлінген. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 10 200 тонна селитра, 950 тонна аммофос, 650 тонна сульфат аммоний, 120 тонна карбамид тасымалданып таратылды»,- деді аудан әкімі.








Жоғары қарай