Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Шардаралық 11 спортшы қол күресінен әлем чемпионы атанды

2019 жылдың 31 қазан 2019 23:23

ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Румыния елінің Констанца қаласында қол күресінен Әлем чемпионатына шардаралық спортшылар да қатысқан болатын. Әлемнің 55 елінен жиналған қол күрес шеберлері арасынан суырылып шыққан 11 спортшы халықаралық додада чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен 41-ші рет ұйымдастырылып отырған жарыстың алғашқы күні жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар арасында бақ сынаған шардаралықтар 11 алтын, 5 күміс, 6 қола алқаны қанжығаға байлады. Өз жеңісі арқылы қазақ елінің абыройын асқақтатты.

Жас жеткіншектер арасында

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ:

45 келіде - Басымбек Нұрболат

50 келіде- Бекжігіт Асылжан

Жас жеткіншек қыздар арасында

45 келіде - Зиядулла Назира

55 келіде - Нарзан Жұлдыз

70 келдіде - Мәлік Арай

Жасөспірімдер арасында

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ:

50 келіде - Қалдарбек Нұрхат

+80 келіде - Арапбай Азамат

Жасөспірім қыздар арасында

65 келіде - Камал Ұлбала

70 келіде - Зиядулла Мақпал

Жастар арасында

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ:

60 келіде - Сарыбай Ердаулет

Қыздар арасында

60 келіде - Мәлікайдар Ләззат

КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:

Ахмет Қуандық

Нұрмахан Ердәулет

Көшкенбек Нұрдәулет

Олжабек Әділет

Абдулла Құралай

ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:

Роман Данияр

Мұхамбетов Ердәулет

Нұргелді Бақдәулет

Қаржау Есболат

Пірімбет Абзал

Жақып Мадина.

Қазақстанның абыройын асқақтатқан шардаралық спортшылардың жартысына жуығы алдағы 1-3 қараша күндері ересектер арасындағы жарысқа қатысады деп күтілуде. Қол күресшілер қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай