Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шардаралық диқандар 6 мың тонна қарбызды экспорттап үлгерді

2020 жылдың 16 маусым 2020 14:41

ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара ауданының диқандары 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді. Өнім Қазақстан аумағына және ТМД елдеріне жөнелтілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 80-95 теңге аралығында сатып алуда. Айта кетерлігі, биыл ауданда 10710 га жерге бақша өнімдерін егу жоспарланған. Қазіргі таңда 7380 гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Егістік алқаптарына минералды тыңайтқыштар тасымалданып жатыр. «Нимэкс», «Мырзакент» ЖШС-і шаруаларға минералды тыңайтқыштар тасымалдауды фьючерс арқылы таратуды қолға алған. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп,шаруаларға қолдаулар көрсетілуде.

Атап айтқанда, ақпан айына 780 тонна, наурызда 780 тонна, сәуір айына 910 тонна және мамыр айына 650 тонна жанар-жағармай жеткізілген.

Сондай-ақ, операторлардың бекеттерінде жеңілдетілген бағада 160 теңгеден жанармай берілуде.

Жоғары қарай