Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды

2021 жылдың 29 мамыр 2021 16:52

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болды. Тағы 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ТДЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада, көз жұмған адамның бірі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім екендігі айтылады.

«29 мамыр күні күндізгі сағат 13:35 шамасында Шарын шатқалында сел жүріп екі адамның мерт болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Зардап шеккендерге жедел түрде медициналық көмек көрсетілді»,- деп мәлімдеді аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.




Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір оқиға орнында 31 құтқарушы, 8 техника және жедел жәрдемнің 4 көлігімен 6 қызметкері жұмыс істеп жатыр.

«Осы 8(7282)22-02-13, 22-02-18 нөмірлер бойынша арнайы желі қосылған. Қажетті психологиялық көмек көрсетілуде «,- деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сел жауын салдарынан жүрген. Тағы бір адам із-түзсіз жоғалған. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.











Жоғары қарай