Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шарын шатқалында Түркістан сілеусінінің сирек видеосы жарияланды

2021 жылдың 3 наурыз 2021 13:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Шарын шатқалындағы фототұзаққа түскен сілеусіннің видеосымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео министрдің Twitter парақшасында жарияланды.

«Сіздермен жақында «Шарын» шатқалында Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні түсіп қалған фотоқақпандағы видеомен бөлісіп отырмын. Бұл кадрлардан ел табиғатының бар сұлулығын көруге болады. Осы бірегейлікті бірге сақтауымыз керек», - деді минстр.

Сонымен қатар, министр бүгін Дүниежүзілік жабайы табиғат күні екенін атап өтті.

«Бүгін Дүниежүзілік жабайы табиғат күні. Бұл күн бүкіл әлемге табиғатты осы алуантүрлі күйінде қорғаудың маңыздылығын еске салуға арналған. Біздің еліміз флора мен фаунаға бай. Қазақстанда өсімдіктердің 6000-нан астам, ал омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар...», - деді министр.


Жоғары қарай