Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Шайбалы хоккей: «Ақтөбе» ересектер арасындағы ел біріншілігіне қатысады

2019 жылдың 2 шілде 2019 22:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл шайбалы хоккейден ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігіне «Ақтөбе» командасы қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде еліміздің шайбалы хоккей федерациясы мәлім етті. Федерация ұсынысына Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қолдау білдірген. Нәтижесінде 2019/2020 жылғы кезеңде ересектерден жасақталған «Ақтөбе» командасы ел біріншілігінде бақ сынайтын болды.

Естеріңізге сала кетелік, 2018 жылдың қыркүйегінде жастар арасында «Ақтөбе» командасы құрылды. Аталмыш ұжым Қазақстан жастар хоккей лигасында бақ сынады. Алғашқы жылдың өзінде 36 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жақында Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы бас директоры Глеб Каратаевпен және «Ақтөбе» клубы басшылығымен кездесті. Онда Ақтөбе облысында алдағы уақытта шайбалы хоккейді дамытудың мүмкіндіктері таразыланды. Нәтижесінде шайбалы хоккейде Қазақстан ашық біріншілігіне қатысу жағдайы сараланды.

Бұдан бұрын Қазақстан біріншілігінде өзбек командасы ойнауы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Спорт,
Жоғары қарай