Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Шайбалы хоккей: «Барыс» екінші ойында да жеңіске жетті

2019 жылдың 8 тамыз 2019 22:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті Кубогының екінші ойын күні мәресіне жетті. Елордалық «Барыс» Ресейдің «Нефтехимик» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесуде ресейлік хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның небәрі 23-секундында Зак Митчел өз командасын алға шығарды. Ал 9-минутта «Нефтехимик» сапынан Павел Порядин есепті үстемелей түсті.

Содан кейін ғана «Барыс» жігіттері ес жиды. Нәтижесінде 13-минутта елордалық хоккейші Никита Михайлис есеп айырмасын қысқартты. Екінші кезеңнің 24-минутта «Нефтехимик» хоккейшісі Александр Авцин мергендік танытты. Осылайша ресейліктер кездесу барысында 3:1 есебімен алға шықты.

«Барыс» хоккейшілері бұдан кейін қатарынан үш шайба соқты. Алдымен 35-минутта Ярослав Евдокимов, одан кейін Дастин Бойд 38-минутта қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Үшінші кезеңнің 47-минутында Дастин Бойд бүгінгі кездесуде алғаш рет өз командасын алға шығарды. Ал кездесудің бітуіне небәрі 14 секунд қалғанда «Барыс» қатарынан Никита Клещенко бос қақпаға шайба соғып кетті.

Естеріңізге сала кетелік, кеше «Барыс» Ресейдің «Ак барс» командасын 6:1 есебімен жеңген болатын.

Ертең «Ак Барс» және «Нефтехимик», «Салават Юлаев» пен «Автомоибилист» командалары кездеседі. Ал «Барыс» 10 тамызда «Автомобилист» командасымен мұз айдынына шығады.


Фото: www.hcbarys.kz


Перевод Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай