Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шайбалы хоккей: Қазақстан мен Беларусь жолдастық кездесуі өтпейтін болды

2021 жылдың 15 мамыр 2021 17:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 мамырға белгіленген шайбалы хоккейден Қазақстан және Беларусь құрамалары арасындағы жолдастық кездесу өткізілмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы мәлім етті.

Қазақстан құрамасы сапынан кезекті ПТР тестілеу барысында делегацияның бір өкілінен коронавирусқа қарсы сынама оң нәтиже берді. Ол одан кейінгі сынама барысында да дәл сондай жағдайды көрсетті. Сондықтан құраманың аталған өкілі он күн бойы өзін оқшаулауға көшті. IIHF ережесі мен Латвияның қолданыстағы талабына орай осындай шешім шығарылды.

Осыған сәйкес ұлттық құраманың барлық мүшесі сынама тапсырды. Ал әлем чемпионатын ұйымдастыру комитеті қазақстандық хоккейшілерге Беларусьпен ойын өткізбеу жөнінде талап қойды. Дегенмен алдағы ойындарға жаттығу процесін жалғастыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, 16 мамырдан бастап турнирге қатысатын барлық құрама жарыс талабымен оқшаулануға көшеді. Әрі қарай жұмыс процесі бұрын бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.

Еске сала кетейік, 13 мамырда өткен алғашқы жолдастық кездесуде Қазақстан аталған қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Айта кеткен жөн, әлем чемпионаты Литвада 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай