Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді

2021 жылдың 28 мамыр 2021 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 28 мамырда Қазақстан құрамасы Канадамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі құрама бұған дейін аталған турнирде екі мәрте кездесті. Оның екеуінде қанадалық хоккейшілер жеңіске жетті. Дегенмен, бүгін қазақстандық хоккейшілер соған өзгеріс енгізуге жақын болды.

Алдымен есепті канадалық хоккейшілер ашты. Ойынның 6-минутында канадалық Эндрю Манджапане есеп ашса, 21-минутта Оуэн Пауэр есепті үстемелей түсті.

Ал қазақстандық Никита Михайлис 24, 41-минуттарда мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

Одан кейін канадалық хоккейшілер құрамынан Коул Перфетти 47, Коннор Браун 59-минуттарда гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы биылғы турнирде бұған дейін төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті.

Алдымен буллиттен Латвиядан 2:1, Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, одан кейін АҚШ-қа 0:3 есебімен есе жіберді. Төртінші кездесуде Германияны 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан құрамасы енді ертең, 29 мамырда Италиямен кездессе, 31 мамырда Норвегиямен шеберлік байқасады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай