Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Латвиямен кездеседі

2021 жылдың 22 мамыр 2021 17:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 22 мамырда Қазақстан құрамасы Латвиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 23.05-те басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.

Екі құрама бұған дейін әлем чемпионатында жеті мәрте шеберлік байқасты. Оның алтауында латвиялық хоккейшілер жеңіске жетсе, біреуі қазақстандық құраманың басымдығымен аяқталды.

Қазақстан хоккейшілері әлемнің үздік құрамаларымен бірге бес жылдық үзілістен кейін сынға түскелі отыр. Соңғы рет 2016 жылы элиталық дивизионда мұз айдынға шықты.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы капитаны міндетін Әлихан Әсетов атқарады. Ал Роман Старченко мен Даррен Диц вице-капитан болады.

Биылғы әлем чемпионаты кеше, 21 мамырда басталды. А тобында Латвия Канаданы 2:0 есебімен жеңсе, Германия Италияны 9:4 есебімен тізе бүктірді.

Ал В тобында Ресей Чехияны 4:3, Словакия Беларусьті 5:2 есебімен жеңді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай