Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында бүгін Қазақстан Словакиямен ойнайды

2022 жылдың 20 мамыр 2022 14:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы бүгін кезекті ойынын Словакияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 23:20-де басталып, «Qazsport» телеранасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтеді.

Қазақстан құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Дания, Франция, Швейцария және Канада құрамаларынан жеңілді.

Әзірге Қазақстанның қоржынында ұпай жоқ. Турнир кестесінде көш соңында тұр.

Небәрі үш ұпай еншілеген Словакия турнир кестесінде алтыншы орында келеді.

Екі құрама бұған дейін 7 мәрте кездесті. Оның бесеуі Словакияның жеңісімен аяқталса, бір ойында тең нәтиже тіркелді.

Ал 1998 жылдың 10 ақпанында Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан аталған қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірген еді.

Фото: icehockey.kz
Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Хоккей,
Жоғары қарай