Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шекарадан 800 литр алкоголь өнімдерін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

2019 жылдың 10 шілде 2019 21:51

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстанға 800 литрге жуық заңсыз алкоголь өнімдерін алып өтпек болғандар қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 8 шілдеде Қарабалық ауданының «Қайрақ» автокөлік өткізу бекетінде болған. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері шұғыл іс-шаралар барысында Ресейден Қазақстанға алкоголь өнімдерін алып өтпек болғандарды ұстады.

«Құрамында спирті бар шыққан тегі белгісіз сұйықтық 4 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйылған, рұқсат құжаттары (алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудалау лицензиясы, ілеспе құжаттары) жоқ. Барлығы құны 1,5 млн теңге болатын, жалпы көлемі 792 литр 183 ыдыс контрафакт алынды», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 463-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік іс толтырылып, сотқа жіберілді.

Жоғары қарай